Бизнесті қаржылай қолдауға 12,2 млрд теңге бөлінді

557

Алматыда 75 мың кәсіпкердің салығы кейінге шегерілді.

Бизнесті қаржылай қолдауға 12,2 млрд теңге бөлінді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі ШОБ қолдау шаралары бойынша статистикамен бөлісті. Оның айтуынша қаланың 75 мың кәсіпкерінің 23 млрд теңге сомасындағы салығын төлеу мерзімі ұзартылған. Бұған қоса 2,9 мың кәсіпкердің 72 млрд теңге сомасына несиелері кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар Президент тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың соңына дейін коммуналдық меншік нысанындағы аумақтарды жалға алған 1,2 мың кәсіпкер 376 млн теңге сомасындағы төлемнен босатылған. 

"Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында жасалған барлық шарттар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерінің 90%-ы жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады", – деді мегаполис әкімі. 

Биылғы жылдың басында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту үшін Almaty Business-2025 өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске қосылды. "Даму" КДҚ-мен бірлесіп аталған Almaty Business бағдарламасын іске асыруға паритетті негізде 8 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде 3,1 млрд теңгеге 44 жоба қаржыландырылды. 

"Бизнесті қаржылай қолдауға 12,2 млрд теңге бөлінді. Қарыздар 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% және 2% мөлшерлемемен 500 млн теңгеге дейінгі сома беріледі. Бүгінде 8,3 млрд теңгенің 84 жобасы қаржыландырылды. 2,2 млрд теңгенің 19 жобасы қарастырылуда", – деді Алматы әкімі. 

Бизнесті қолдау шаралары бойынша сөзін қорытындылай келе Бақытжан Сағынтаев Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің оң бағасына ие болғанын атап өтті.

"Болжам – тұрақты.  Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы еліміздің осындай ұйымдары арасында халықаралық кредиттік рейтинг алған алғашқы компания екенін атап өткен жөн", – деді шаһар басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу