Бизнесті субсидиялаудың жаңа жобасы іске қосылады

835

11 кодекс пен 38 заңға өзгеріс енгізіледі. 

Бизнесті субсидиялаудың жаңа жобасы іске қосылады

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнесті қолдау үшін алдағы уақытта қандай іс-шаралар жүзеге асырылатынын айтты. 

Оның сөзінше, Ұлттық банк кәсіпкерлерді несиелендіру рәсімін жеңілдетеді. Ал "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнесті субсидиялайтын жаңа микронесие жобасы іске қосылады.

"Осы шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал етеді. Жалпы, кешенді жоспарды жүзеге асыруға бүгінгі күні 49 заңнамалық актіге түзету енгізу жоспарланып отыр. Бұл – 11 кодекс, 38 заң", – деді министрРуслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу