Бизнесті заңсыз тексеруден қорғау үшін мобильді топтар құрылды

718

Еліміздің барлық өңірінде бизнесті мониторинг топтардың заңсыз тексерулерінен қорғау үшін мобильді топтар құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Бизнесті заңсыз тексеруден қорғау үшін мобильді топтар құрылды Фото: inbusiness.kz

"Сіздің бизнесіңізге мониторинг топтар тексеру жүргізген кезде олардың заңсыз әрекетін байқасаңыз, бірден Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1432 байланыс орталығына және Бас прокуратураға 115 нөміріне, сондай-ақ аймағыңыздың мобильді тобына кіретін сарапшыларға хабарласыңыз",– деп жазылған хабарламада.

Мобильді топтардың міндеті – кәсіпкерлердің құқықбұзушылық және заңды қызметке, оның ішінде мониторинг топтар тарапынан кедергі келтіру туралы хабарламасына жедел ден қойып, шара қабылдау болмақ. Кәсіпкерге телефон арқылы кеңес алудан бөлек, заң көмегін көрсету қажет болса, мобильді топтың мүшелері кәсіпкердің құқығы бұзылған жерге бара алады.

"Бизнесті қорғауда прокуратура рөлі едәуір күшейтілді. Жұмыс топтарының алаңдарында сәйкес ұсыныстар қорытылып жатыр. Атап айтқанда, енді кәсіпкерлерлік субъектілердің өтінімдері бойынша прокурорлар тікелей тексеру жүргізе алады. Прокурорлар қылмыстық тергеу бастаудың заңдылығын тексеріп, тергеудің ақылға қонымды мерзімін белгілейді. Қылмыстық процесс барысында прокурорлармен ревизия өндірісі мақұлданады", – деген болатын "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Бизнесті қорғау жөніндегі V форумда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу