БҚО-да 11 индустриалды жоба жүзеге асады

836

БҚО-да 11 индустриалды жоба жүзеге асады

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында Батыс Қазақстан облысында 30 өндіріс орны іске қосылса, екінші бесжылдықта 22 кәсіпорын ашылған екен. Биыл да бағдарлама бойынша 15 млрд теңгенің 11 индустриалды жобасы жүзеге аспақшы, деп хабарлайды khabar.kz.

Соның бірі – қосалқы стансалар шығаратын, яғни электр қуатын таратушы жабдықтар жасайтын зауыт. Қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнында қазір 50 адам жұмыс істейді. Наурыз айынан бері мұнда 200 млн теңгенің электр жабдықтары өндірілген. Бұл көрсеткішті келер жылы 1 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Өнімдер күні бүгін Қарашығанақ кенішін игеруші компанияларға өткізіліп келсе, келешекте көршілес Ресей еліне экспортталмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу