БҚО-да 170 мың гектарға жуық алқапқа химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі

703

БҚО-да 170 мың гектарға жуық алқапқа химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі

БҚО-да шегірткеге қарсы улау жұмыстарын жүргізетін мекемелердің дайындығы тексерілді, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл аймақта 170 мың гектарға жуық алқапта химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Бұл мақсатқа қажетті қаржы республика бюджетінен бөлініп отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының осы салаға маманданған мекемелерімен келісімшарт жасалған. Өңдеу жұмыстарына әдеттегі көліктермен қатар жеңіл авиация да тартылады.

"Шағын биіктікте ұшатын мұндай дельтапландар GPS жүйесінің көмегімен жұмыс істейді. Әрі улау жұмыстарының тиімділігін бірнеше есеге арттырады", – дейді мамандар.

Қазіргі таңда өңдеу жұмыстарын жүргізуге қажетті химиялық препараттардың 35 пайызы сатып алынған.    

"БҚО бойынша Азия және итальян шегірткесі биыл химиялық өңдеуге жатады. Барлығы 169 мың гектар. Бұл енді Қаратөбе, Бөкейордасы ауданы, барлық көлемнің 60 пайызы, сосын Жаңақала ауданында және Сырым ауданында. Осы 4 ауданда, қалған аудандарда 1000-2000 гектардан көп емес", - дейді облыстық аймақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайреддинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу