Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы 28 жаттықтырушыны сотқа берді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Аталған мекеме басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің сөзінше, басқарма олардан 123,5 миллион теңге өндіріп алмақшы. Ісі сотқа өткен бапкерлердің біразы әлі жұмыс істейді. Шенеунік оларға ешқандай қысым жасалмайтынын айтты.
Белгілі болғандай, олар кезінде аса ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталған басқарманың бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағановтың ісінде куә болған. Бюджеттің 200 миллион теңгесін жымқырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен Оңдағанов 12 жылға сотталған еді.
"Мысалы, 123 миллион 28 адамға немесе 32 адамға бөлінбейді. Оны 32 адам төлей ме, әлде сол 32 адамның біреуі төлей ме, үкіметке бәрібір", - дейді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин.