БҚО-да 35 мың гектар егін есептен шығарылмақ

702

Есептен шығарылған егін үшін шаруалардың басым бөлігі өтемақы ала алмайды. Себебі, егістің тек үштен бірі ғана сақтандырылған.

БҚО-да 35 мың гектар егін есептен шығарылмақ

Биыл БҚО-да 35 мың гектар егін есептен шығарылмақ. Оның 14 мыңы - күздік, ал 21 мыңы жаздық бидай. Мамандардың айтуынша, соңғысына әлі орақ түспегендіктен, оруға жарамсыз егіс көлемі әлі көбеюі мүмкін, деп хабарлайды Atameken TV.

Жаздың басындағы салқындық пен артынша күннің күрт ысуы, жауын-шашынның болмауы салдарынан бидай биыл бой көтере алмады.

Есептен шығарылған егін үшін шаруалардың басым бөлігі өтемақы ала алмайды. Себебі, егістің тек үштен бірі ғана сақтандырылған.

Айта кетсек, биыл өңірде 285 мың гектарға дәнді дақыл егілсе, қазірде күздік бидай алқаптарының 46 пайызы орылған. Гектарына  орташа өнім 11 центнерден келуде. Алайда егіннің түсімі барлық жерде бірдей емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу