БҚО-да "Аltyn kópir" өтіп жатыр

824

Фестиваль аясында Ресей қазақтары туған тілін үйренуде.

БҚО-да "Аltyn kópir" өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі қаласында "Аltyn kópir" халықаралық фестивалі басталды. Орал қаласындағы "Атамекен" орталығында өтіп жатқан шара биыл 3-9 қыркүйек аралығын қамтымақ, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Фестиваль 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алдыңғы жылы шара аясында өңірге 30 адам келіп қатысса, былтыр онлайн формат арқылы сексеннен астам адам қатысты. Биыл шетелден 25 қандасымыз келіп отыр", – дейді шараны ұйымдастырған БҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Ғаниева.

Айта кетейік, фестиваль аясында Ресей Федерациясындағы Самара, Саратов, Орынбор қалаларындағы қазақ диаспорасының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени орындарға экскурцияға шығып, қазақтың салт-дәстүрімен танытып, тілін үйренеді. Белгілі болғандай, басқа елде тұрса да туған тілін үйренгісі келген қандастарымыздың арасында студент жастардан бастап зейнеткерлерге дейін бар екен. Олар тіл үйрету курсының соңында емтихан тапсыруға тиіс. 

Фестиваль аясында, сондай-ақ, домбыра аспабын жасау, ұлттық би билеу, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтар, "Ұлттық код – рухани жаңғыру негізі", "Шежіре - ұлттық тарихтың бір тармағы" тақырыптарында сұхбат алаңдары мен тренингтер, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтпек. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу