БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

1355

Жыл басынан бері облыс аумағында 12 жол-көлік оқиғасынан 5 адам мерт болды.

БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

 Батыс Қазақстан облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты және екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 10.39-да Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында болды.

Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір біріне соғылған. Соның салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі жарақат алғаан үш адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері облыс аумағында 12 жол-көлік оқиғасынан 5 адам мерт болды.

БҚО полиция департаменті жол ережесін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қолайсыз ауа райы кезінде аса сақ болу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу