БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

785

Үй жануары атасына тиесілі болған.

БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді. Ол Ресейден атасына қыдырып келген екен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиға 9 шілде күні кешқұрым болған. Қыз бала сол күні атасымен бірге шөп шабуға сұранып шығады. Бір мезгілде ол байлаулы тұрған итке келіп ойнай бастайды. Ит оны мойны мен желкесінен қауып алған. Өкінішке қарай, баланың күретамырына зақым келіп, ол сол жерде жан тапсырады. 

"Учаскелік инспектор сағат 17.00-де шақырылды. Ол атасының иті еді, тұрқы онша үлкен емес те болатын. Бүкіл ауыл болып қайғырып жатырмыз. Бұл – жазатайым оқиға", – дейді Трекино ауылының әкімі Мәлік Сейітов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу