Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты прокуратураға сілтеме жасап.
"Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге: іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер,баратын жеріне дейінгі және керіқайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлғатәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.