БҚО-да биыл 12 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

693

2018 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2 730 млн теңге бөлінді. 

БҚО-да биыл 12 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәлімдегеніндей, жаңа 2018-2019 оқу жылында облыстағы 379 мектепте 100 мыңнан астам оқушы білім алмақ, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуі себепті 3 бастауыш мектеп жабылады деп жоспарлануда.

2018-2019 оқу жылында, болжамды мәлімет бойынша, 1 сыныпқа 12 490 оқушы қабылданады деп күтілуде (2017 жылы - 11 263 бала).

2018 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2 730 млн теңге бөлінді. Облыс бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты 4,6,8 сыныптарының барлық оқулықтары, мектепалды даярлық сыныбы мен арнаулы мектеп оқулықтарына, 1 сыныптарға арналған дәптерлерді, ағылшын тілде оқытатын тапсырыс берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу