БҚО-да бухгалтер 118 млн теңге бюджет ақшасын бәс тігуге жұмсаған

251

Ұрланған ақшаға құмар ойындардан бөлек жаңа автокөлік сатып алған.  

БҚО-да бухгалтер 118 млн теңге бюджет ақшасын бәс тігуге жұмсаған Фото: animalex.by

Тергеу мәліметіне сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, букмекерлік кеңседе бәске тіккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 118 миллион теңгені құрады.

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп отыр.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауға алынып, автокөлікке тыйым салынды.

Айта кетсек, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысқаны үшін түрлі мемлекеттік 16 қызметші жұмыстан қуылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу