banner

БҚО-да екі бала құдыққа құлап кетті

609

1 және 3 жастағы екі бала қайтыс болды.

БҚО-да екі бала құдыққа құлап кетті

БҚО-да қайғылы жағдай болды. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде 11 тамыз күні сағат 15.00 шамасында екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар аула ішіндегі құдыққа құлап кетті. Балалардың бірі үш жаста, екіншісі бірде. Болжам бойынша оқиға үлкендердің балаларды қараусыз қалдырған кезінде орын алған. Олардың денесін сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар өз күштерімен шығарып алды.

Қазірде мәйіттер сот-медициналық сараптамасына тапсырылған. Тергеу жұмысы Жаңақала аудандық полициясы жүргізіп жатыр.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті осы жағдайға байланысты ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінуде. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу