БҚО-да Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың сүйегі табылды

931

Осыдан 77 жыл бұрын Сталинград майданының тылы болған Жәнібек, Сайқын, Шоңғай станциялары жау ұшақтарының толассыз шабуылына ұшыраған болатын.

БҚО-да Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың сүйегі табылды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында Ұлы Отан соғысы кезінде қыршын кеткен 13 сарбаздың сүйегі табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан 77 жыл бұрын Сталинград майданының тылы болған Жәнібек, Сайқын, Шоңғай станциялары жау ұшақтарының толассыз шабуылына ұшыраған болатын. Сол кезде қаза тапқандардың денесі бомба түскен орындарға тасталып, жүздері топырақпен асығыс жасырылған.

Тарихи деректер бойынша №365 разьезд маңында 1942 жылдың 4 қазанында Сталинрадқа бет алған Тынық Мұхиты Флотының теңізшілері мінген эшелонға бомба тасталып, 38 теңізші бақилық болған. Табылған түймелердегі зәкірдің суреттеріне, өзге де бұйымдарға қарап, бұл жер теңізшілердің көмілген орны деуге негіз бар дейді мамандар.

"Анықтау өте қиын. Себебі жаңа айтқандай бомба түсіп, кісілер қаза тапқасын кім қалады офицер, сол бүкіл құжаттарын медальондарын жинап алып кетеді. Себебі тізім жасайды, қазақ тапқандар туралы есеп тапсырады. Сондықтан мұнда олар соғыс окоптан табылса, автоматтарымен қару-жарақтарымен қалады ғой, мында ондай құжаттар табу өте қиын",– дейді өлкетанушы Жұбан Ғұмаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу