БҚО-да экологияға ірі көлемде зиян келтірген компаниядан 2 млрд теңге айыппұл өндірілді

122

Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған.     

БҚО-да экологияға ірі көлемде зиян келтірген компаниядан 2 млрд теңге айыппұл өндірілді Фото: gov.kz

БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының қызметіне талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.

Экология департаменті компанияға ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді.

Мұнай-газ саласы субъектілерінің экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу