БҚО-да ер адам әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталып кетті

Ол өте агрессивті пікірлер қалдырған.  

БҚО-да ер адам әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталып кетті Фото: Егемен Қазақстан

Сот тұрғынның бас бостандығын 1 жыл 6 ай мерзімге шектеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аудандық соттың шешімімен азамат К. лауазымды тұлғаға, оның кәсіби қызметіне байланысты қорлау және қоқан-лоққы көрсеткені үшін кінәлі деп танылған. 

Сотта белгілі болғандай, айыпталушы билік өкіліне "адам өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін" деп қорқыту, лауазымды тұлғаны қорлау туралы пікірлерін жазған. 

– Айыпталушы кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен мойындауы, асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы және ауырлататын жағдайлардың жоқтығы ескеріліп, сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады, – делінген БҚО сотының хабарламасында. 

Сотталушы барлық мерзімге жыл сайын 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын өтеу мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. Сондай-ақ, жәбірленушілерге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 58 980 теңгені мәжбүрлі төлем ретінде өндіріліп отыр. 

Үкім заңды күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу