БҚО-да қауіпсіздік талабын бұзған кәсіпорында 13 жүк көтергіштің жұмысы тоқтатылды

189

Заңбұзушылықтар арнайы тексеріс барысында анықталды.  

БҚО-да қауіпсіздік талабын бұзған кәсіпорында 13 жүк көтергіштің жұмысы тоқтатылды Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жоғары тәуекел тобына жататын өндірістік объектілерге жоспарлы тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар "Гидромаш-Орион МЖБК" ЖШС-ның өндірістік нысандары мен құрал-жабдықтарының техникалық жай-күйін, заңнама талаптарының сақталуын және персоналдың даярлық деңгейін бағалады. Нәтижесінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты уәкілетті орган шұғыл шаралар қолданды. Анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін 13 жүк көтергіш кранды пайдалану уақытша шектелді.

Сонымен бірге кәсіпорын басшылығына орындалуы міндетті нұсқама беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу