БҚО-да көше атаулары өзгеруде

1186

Бірақ Покатиловка деген атау өзгеріссіз қалып тұр.

БҚО-да көше атаулары өзгеруде

БҚО-да бірқатар көшелердің атауы өзгерді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Орал қаласында өткен қоғамдық тыңдауда тұрғындар 12 көше мен бір алаңның атауын өзгерту мәселесін талқылаған. Олар, негізінен, ұсынылған атауларды оң қабылдаған. 

"Тұрғындар М.Мәметова алаңының Батыр қыздар алаңы, Московская көшесінің Тәуелсіздік, Мирзоян көшесінің Желтоқсан, Согласия көшесінің Шәпет Қоспанов, Тәуелсіздік көшесінің Бисен Жұмағалиев, Светлая көшесінің Базарбай Жұманиязов, Надежда көшесінің Тұяқберді Шамелов, Лиственная көшесінің Жанғали Набиуллин, Букетная көшесінің Николай Чесноков, Вольная көшесінің Сухан Камалов, Лазурная көшесінің Павел Букаткин, Ореховая көшесінің Алдияр Рахметов, Евразийская көшесінің Еуразия көшесі болып ауыстырылуын қолдады. Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша хаттама толдырылады. Хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, тиісті ономастикалық комиссияларға жолданатын болады", – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ал "Атамекен" деген атау ұсынылған Покатиловка селосы сол күйінде қалды.  Себебі ауыл халқының дауыс беруі нәтижесінде қарсы болғандар саны басым болған. Қазірде село әкімін ауыстыруға қарсылар да, "Атамекен" атауын беруді қолдағандар да өз нұсқаларын дәлелдеп, қол жинап жатыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу