БҚО-да күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды

1888

Облыс орталығы Орал қаласында 35 градус ыстық болады.  

БҚО-да күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысында күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

30 мамыр күні күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, күн 35-39 градусқа дейін ысиды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын жеткізді. Өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу