БҚО-да қырман қызып жатыр

2193

Өңірде астық былтырғыдан көп жиналды.  

БҚО-да қырман қызып жатыр

Батыс Қазақстан облысында биыл 247 мың тонна астық жиналды, бұл былтырығымен салыстырғанда бес мың тоннаға артық. Сол сияқты, 230 мың га жерге дәнді дақыл себіліп, 168 мың тонна астық орылып алынған. Биылғы өнімділік бойынша әр гектардан 21 центнер өнім алынып тұр екен. Өкінішке қарай, ауа райындағы кейбір қолайсыздықтар салдарынан ерте көктемде егілген егіс жылдағыдан гөрі аздау жиналыпты.

"Қазір көктемгі дәнді дақылдың 95 пайызына дейін жинадық. Осы жылы 120 га жерге майлы дақылдар егіліп, бұл көлемнің 13 пайызынан өнім алдық. Әзірге жиғанымыз -  7200 тонна. Ал алаңның жартысынан қазірдің өзінде 54 мың тонна көкөніс алып отырмыз", - дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуанышқали Есімов.

Сонымен бірге, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттілігі салынып жатқан жылыжайлар іске қосылған жағдайда толық өтеледі деген болжам бар. 2020 жылы жұмыс істеп тұрған екі жылыжай кешенінен 847 тонна көкөніс пен жеміс-жидек алынған. Алдағы жылы тағы екі жылыжай салынып бітуі тиіс. Оның ішінде, Орал жылыжай кешенінің қуаты жылына 3 мың тонна өнім құрайды. 

Күзгі жиын-терім жұмыстарына 5 мың трактор мен 935 комбайн жұмылдырылып, 11 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. Жанар-жағар май  литріне 167 теңге жеңілдетілген бағамен берілген. Шаруалар тарапынан техника мен ұйымдастыру барысына қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу