БҚО-да мамандар қыстан аман шыққан киіктерді санап жатыр

829

 Бұл жолы ғалымдар киіктерді әуеден барлап, нақты санын анықтауға күш салады.

БҚО-да мамандар қыстан аман шыққан киіктерді санап жатыр

БҚО-да киіктерді қорғау айлығы өтіп жатыр. Жедел алдын алу шаралары аясында Орал популяциясына жататын дала жануарларының нақты саны анықталмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Санақ жұмыстарына Қазақстанның биолауантүрлілікті сақтау қауымдастығының мамандары тартылады. Бұл жолы ғалымдар киіктерді әуеден барлап, нақты санын анықтауға күш салады. Ал зерттеу жұмыстары мамыр айында, яғни киіктер төлдейтін уақытта жүргізіледі.

Былтырғы есеп бойынша Батыс Қазақстан облысындағы Орал популяциясына жататын киіктердің саны 135 мыңға жеткен.

"Киік тұқымының дүние жүзіндегі 80 пайызы осы Қазақстанда. Сондықтан да осы 3 қаумал бар, яғни үш популяция. Ең үлкені Орал популяциясы  – 135 мыңға жетті", – дейді "Охотзоопром" бас маманы Бақтияр Тәшенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу