БҚО-да мас күйінде автокөлік айдаған полиция майоры қызметінен қуылды

135

Орал қалалық полиция басқармасының майоры мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО-да мас күйінде автокөлік айдаған полиция майоры қызметінен қуылды Фото: canva

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органы қызметкерінің заң бұзушылығы рейдтік шаралар барысында анықталған.

"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтайды. Мұндай әрекеттерге барған қызметкерлер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу