БҚО-да мұнай өндіруші компанияға 2 млрд-тан астам теңге айыппұл салынды

175

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." Қазақстан филиалына қатысты нормадан тыс эмиссиялар дерегі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

БҚО-да мұнай өндіруші компанияға 2 млрд-тан астам теңге айыппұл салынды Фото: istockphoto.com

БҚО бойынша экология департаментінен мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша 2026 жылғы 30 қаңтардағы №5 тексеру тағайындау туралы актісі негізінде 3-16 ақпан аралығында тексеріс өткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеріс нәтижесі бойынша компанияның 2024 жылы атмосфералық ауаға белгіленген нормадан артық 13,84 тонна шығарындылар және белгіленген нормадан артық 0,05134355 тонна сарқынды су төгінділеріне жол бергендігі анықталды.

– Аталған деректер бойынша "КПО Б.В." компаниясы Экологиялық кодекстің 39, 106, 202 және 216 баптарының талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1 және 2 бөліктерімен жалпы сомасы 2 млрд 077 млн 749,9 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұлды өндіріп алу шаралары жүргізіліп жатыр. Департамент нормативтен тыс шығарындылар мен төгінділердің себептеріне талдау жүргізіп, сондай-ақ нормативтен тыс эмиссияларды болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге нұсқама берді, – делінген ресми мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу