БҚО-да өсімдік майын өндіретін кәсіпорын қайта іске қосылды

994

БҚО-да өсімдік майын өндіретін кәсіпорын қайта іске қосылды

Батыс Қазақстан облысындағы өсімдік майын өндіретін кәсіпорын қайта іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz. 

2009 жылы ашылған зауыт басқару әдістерінің олқылығынан тұралап қалған еді. Ал екі жыл бұрын өзге инвестордың иелігіне өтті. Бұған дейінгі қарыздарынан құтылған мекеме қазір алғашқы өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттай бастады.

Зауыттың технологиялық желілері толықтай жаңғыртудан өтті. Бұрын өнімді қайта өңдеуде тек сығымдау және рафинациялау циклі ғана атқарылатын. Жаңғырту саласындағы басты жаңалықтың бірі – экстракция, яғни арнайы еріткішті пайдалану арқылы шикізаттан қажетті заттарды толығымен алуға мүмкіндік беретін желінің іске қосылуы.

Қалдық өнім күнжара мал азығы ретінде пайдаланылады. Бұрын тек сығу әдісімен ғана алынатын күнжараның салмағы ауыр болғанымен, сапасы төмен болды. Өйткені дұрыс өңдеуден өтпегендіктен, арасында малдың ас қорыту жүйесіне зиянды заттар көп болатын. Енді еріткіш арқылы өңдеудің нәтижесінде қалдық өнімнің қоректік қуаты жоғарылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу