Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алған болатын.
– Оқиға болған кезде мектепті директордың міндетін атқарушы басқарған еді. Кейін жаңадан директор тағайындалды. Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп келеді. Оларға ер мұғалім тәлімгер ретінде бекітілген, – деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда қылмыстық іс өндірісте, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу