БҚО-да пышақталған үш адамның денесі табылды

1147

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

БҚО-да пышақталған үш адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 14 қаңтар күні кешкісін Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында орын алды.

Жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан пышақталған үш адамның денелері табылды. Олар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі Валентина және 42 жастағы ұлы Сергей болып шықты.

Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, А.Запрометов осы ауылда 1987 жылдардан бері тұрды. "Янайкин" кеңшарына басшылық етті, кейін "Лесное" ЖШС-ны құрды.

Ауыл әкімі марқұмдарды жерлеуге көмек берілетінін айтты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу