Жәнібек ауданы прокуратурасы бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында заңсыздықты анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы тәртіптік жаза бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді.
Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік ұсынымы және ҚР"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының 44-бабының 3-тармағына сәйкес Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды.
Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.