БҚО-да тасқын суды өңірдегі көлдерге жіберіп жатыр

136

Батыс Қазақстан облысының "Қазсушар" филиалы су қоймаларына жиналған тасқын суды өңірдегі көлдерге жіберуде.  

БҚО-да тасқын суды өңірдегі көлдерге жіберіп жатыр Фото: kazvodhoz-krg.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Рауан Хусаинов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда Пятимар қоймасынан Көшім өзенінің төменгі ағысында орналасқан көлдерге су жіберіліп жатыр. Жайық өзені арқылы Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің су қоймаларына секундына 17 текше метр су келуде. Жыл басынан бері Жайықтан суару-суландыру жүйесіне 57 млн текше метр су келді. Қажетті көлем жинағаннан кейін лимандар мен табиғи шабындықтарға су жіберу басталады", - деді.

10 наурыздан бері Үлкен Өзенге 18,9 млн текше метр тасқын су келді, ал Кіші Өзенге су ағыны көп болмады. Өзендерде орналасқан су қоймалары орта есеппен 67%-ға толды. Салыстыру үшін: 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде Үлкен және Кіші Өзендер арқылы 503 млн текше метр су келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу