БҚО-да төрттегі баланы өгей әкесі байлап қамап тастаған

759

Ер адамның жүйке жүйесінде кемшілік болып, арнайы есепте тұр екен 

БҚО-да төрттегі баланы өгей әкесі байлап қамап тастаған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында болған жағдайдан құлағдар көпшілік әлі жағасын ұстап отыр. Онда өгей әкесі төрт жасар баланы 10 маусым күні таңертеңгі сағат 8-ден түскі 11-ге дейін мал қораға ассыз-су бермей қамап тастайды. Баланың анасы отбасындағы жайды балабақша тәрбиеленушілеріне айтқаннан кейін, жанашыр жандар барып, оны босатып алған. Жәбір көрген бала қазір ауруханада екен. Үй-ішіне, туғандарына барудан бас тартыпты.

"Қазір оның 1991 жылы туған өгей әкесінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 126- бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Әлия Наурызғалиева.

Тағы да белгілі болғаны, ер адамның жүйке жүйесінде кемшілік болып, арнайы есепте тұр екен. Оның сәбиді не үшін жазалағаны белгісіз, бірақ, бұл істе оны осындай әрекетке итермелеген туыстарының, атап айтқанда, туған жеңгесінің бары айтылады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу