БҚО-да ТҮҚЖБ салымшылары үлестік құрылысқа қатыса алады

1028

БҚО-да ТҮҚЖБ салымшылары үлестік құрылысқа қатыса алады

Батыс Қазақстан облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үлестік құрылысқа қатыса алады, деп хабарлайды банктің басасөз қызметі.

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орал қаласының әкімдігі, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ және "Караванный путь" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аймақта үлестік құрылыстың алғашқы жобасын іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл жобаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қатыса алады. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры үлестік құрылысқа қауіпсіз қатысуды қамтамасыз етеді: қор құрылыс салушымен тиісті шартқа қол қойды. Бұл кепілдік жағдай пайда болғанда, яғни құрылыс салушы банкрот болса, қаражатты мақсатсыз пайдаланса немесе пайдалануға беру мерзімі бұзылса, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылысты аяқтайтын болады.

"Қазір 58 000-нан астам БҚО тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй алу үшін ақша жинап жатыр. Жинақтардың жалпы сомасы 28,2 млрд теңгені құрайды. Олар алдағы уақытта бағасы төмен және сапалы тұрғын үйді сатып алуды жоспарлап отыр, ал банктің мақсаты – бұл салымшыларға көмек көрсету. Сондықтан, біз бүгін бас қосып, бірігіп отырмыз. Құрылыс салушылар, жергілікті әкімдік, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлесе жұмыс жасай отырып, халықты қол жетімді шаршы метрмен қамтамасыз ете аламыз және жалпы алғанда тұрғын үй құрылысының жергілікті нарығын дамытуға көмектесетін боламыз", - деді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ БҚО филиалының директоры міндетін атқарушы Айгүл Наурызәлиева.

Меморандум аясында құрылыс салушы Орал қаласының орталығында 9 қабатты кірпіш үй тұрғызуды жоспарлап отыр.

Үлестік құрылыс кезінде ҚТҚЖБ салымшылары пәтерді "Өз үйім" бағдарламасы аясында сатып ала алады. 1 шаршы метр бағасы 170 мың теңгені құрайды. Жалпы саны 84 пәтер беру жоспарланып отыр. Алғаш рет тұрғын үй сатып алу үшін несиені болашақ үйді кепілге қоя отырып алуға болады. Қосымша кепіл талап етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу