БҚО-да тұрғындарына цифрлық технологиялар тегін үйретіледі

1176

Оқыту курстары маусым-тамыз айларында қала мектептері мен барлық 12 ауданда ұйымдастырылады.

БҚО-да тұрғындарына  цифрлық технологиялар тегін үйретіледі

Батыс Қазақстан облысында 23 мыңдай тұрғын цифрлық сауатын ашады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сабақ беру үшін информатика пәнінің 100 мұғалімі іріктеліп, олар мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының мамандарынан дәріс алған. Тұрғындар базалық дағдылармен қатар киберқауіпсіздік, электронды сауда-саттық және мемлекеттік қызметті пайдалану жолдарын үйренеді.  Мамандардың айтуынша, өңір халқының цифрлық сауаттылығы бүгінде 78% құрайды. 193 мемлекеттік қызмет түрінің 42-сі сандық форматта көрсетілетіндіктен, бұл көрсеткішті арттыру қажеттілігі туындап отыр.

"Аталған науқанның басты мақсаты – халықтың цифрлық деңгейін үлкейту. Себебі, 2017 жылы 76% болса, биылғы жылы 80%-ға  дейін көтеру көзделуде. Кез келген облыс тұрғыны 24-84-24 бірыңғай Call-орталық нөміріне хабарласып, жазыла алады. Оқыту тегін ", –ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Нұрлан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу