БҚО-да жеке тұлғалардың несиелік берешегі 119 миллиард теңгеге жеткен

888

БҚО-да жеке тұлғалардың несиелік берешегі 119 миллиард теңгеге жеткен

БҚО-да жеке тұлғалардың несиелік берешегі 119 миллиард теңгеге жеткен. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Ұлттық банкінің БҚО бойынша филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақовайтты, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

БҚО-да екінші деңгейлі банктердің 14 филиалы, 20 сақтандыру компаниясының 22 филиалы, 9 микроқаржылық ұйым және қолма-қол шетел валюталарын айырбастау операцияларын ұйымдастыратын 119 пункт қызмет етеді.
Облыста 1 қазанға дейінгі жағдай бойынша банк филиалдарында салымдар бойынша қалдық 199,2 млрд теңгеге дейін жетті. Облыстағы депозиттің жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 87,3 пайызды құраған. Ұлттық валютадағы салым үлесі 56,1% немесе 111,7 млрд теңгені, шетел валютасында 43,9% немесе 87,5 млрд теңгені құрады.
Биылғы қаңтар-қыркүйек арасында банк филиалдары 157,8 млрд теңге сомасында несие берген. Бұл – былтырғы кезеңмен салыстырғанда 56%-ға көп. Ұлттық валютамен берілген несие 58,7%-ға, яғни 156,5 млрд теңгеге өссе, шетел валютасында 61,3%-ға, яғни 0,9 млрд теңгеге дейін азайған. Жеке тұлғаларға 72,9 млрд теңге сомасында несие берілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 64,7%-ға артық. Шағын кәсіпкерлік нысандарына 23 млрд теңге азаматтарға үй салуға және сатып алуға 10,3 млрд теңге несие берілді. Несиелер бойынша берешектің жалпы сомасы 211 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғалардың берешегі 119 млрд теңгеге немесе 16%-ға, заңды тұлғалардікі 92 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға көбейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің берешегі 52,8 млрд теңгеге жетіп, яғни 16,2%-ға ұлғайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу