Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы тұрғыны қызының жоғалғаны жөнінде полицияға хабарлаған.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, әйел 22 тамыз күні сағат 21:20 шамасында қызы дүкенге танысымен бірге кетіп, үйге қайтпағанын айтқан.
23 тамызда 32 жастағы ер адам ұсталып, ол қыздың қайда екенін көрсеткен. Нәтижесінде қыз бала ауыл шетінен аман-есен табылды.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды," – делінген ведомство хабарламасында.