БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

882

Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.  

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Жол апаты Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында болған.

"Салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз қаза тапты. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты туралы хабар 26 тамызда кешкі сағат 22.10-да түскен.

"Тіркемесі бар трактор жыраға түсіп кеткен", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу