Батыс Қазақстанда жөнделіп жатқан мектеп-лицей интернаты түгі қалмай жанып кетті

316

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.  

Батыс Қазақстанда жөнделіп жатқан мектеп-лицей интернаты түгі қалмай жанып кетті Фото: Видеодан скриншот

Нысанды жөндеу жұмыстарына "Жайық Сити" серіктестігі жауапты болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қараөзен ауылында ауданы 388 шаршы метр бір қабатты интернат ғимаратының өртеніп жатқаны жөнінде хабар 9 шілде күні сағат 14:30-да түскен.

– Өрт сөндірушілер тез арада жетіп, "тілсіз жауды" толықтай ауыздықтады. Өртті сөндіруге 13 адам, 2 техника тартылды. Мектеп-лицей интернаты күрделі жөндеуде болған. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу