БҚО-дағы автобус апатынан кейін 23 баланың 4-еуі ауруханаға түсті

160

Бұған дейін Батыс Қазақстанда мектеп автобусы жол апатына ұшырағанын жазған едік.

БҚО-дағы автобус апатынан кейін 23 баланың 4-еуі ауруханаға түсті Фото: тұрғындардан

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында мектеп автобусының қатысуымен болған жол апатынан кейін 23 бала, 7 ересек адам Орал қаласындағы ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, соның ішінде оқиға салдарынан зардап шеккен төрт бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматология бөліміне жабық бас-ми жарақаты диагнозымен жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауымен ем алуда. 

– 19 бала, 7 ересек науқас толық тексеруден өткізілді. Атап айтқанда, рентгенография, компьютерлік томография, ультрадыбыстық және зертханалық зерттеулер жасалды. Содан кейін бейінді мамандар қарағаннан кейін ұсыныстармен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, – деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу