БҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 114 миллиард теңгеге жетті

952

БҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 114 миллиард теңгеге жетті

БҚО экономикасына жыл басынан бері тартылған инвестиция көлемі 114 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған қаржының 61 пайызы өнеркәсіп өндірісін өрістетуге бағытталған. Мәселен, Оралда химиялық реагенттер өндіретін және мыс кабель жасаумен айналысатын екі бірдей ірі нысан жұмысын бастайды. Бұл өндірістік жобаларға инвесторлар 20 миллион АҚШ долларын жұмсаған. Ал Бөрлі ауданында сұйық азот өндіретін зауыт құрылысы таяуда аяқталады. Жобаны қолға алған инвестор 1 миллион АҚШ долларын салыпты.

Айта кету керек, Бөрлі инвестиция тартуға ең қолайлы аймақтар қатарында. Аудан Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келер жылы Подстепный - Ресей шекарасының Илек қаласына дейінгі аумақтағы тасжолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

"Аудан Орынбор қаласындағы жолдың бойында тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, биыл жобалық сметалық құжаттамалар дайындалды", - дейді Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу