БҚО тұрғынынан сирек кездесетін жұқпалы ауру анықталды

632

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әдетте жануарлар арасында тарайтын бұл ауру кейінгі кезде адамдар арасында да тіркеле бастаған. 

БҚО тұрғынынан сирек кездесетін жұқпалы ауру анықталды Фото: zakon.kz

Ведомстваның дерегінше  зооспецификалық деп саналған бұл сырқат  дирофиляриоз деп аталады. Ол Орал қаласының тұрғынынан анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Департамент дерегінше, қан арқылы жүретін инфекция адамға маса, бүрге және өзге де қансорғыш жәндіктер шаққанда беріледі.

"Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ит пен мысық ұстайтын, ашық су қоймалары жанында тұратын, табиғат аясына жиі шығатын адамдарда жұқтыру қаупі жоғары. Дирофиляриоз паразит болғандықтан ол қан арқылы денеге таралады. Паразит жүрген дененің бөлігінде түйін пайда болады. Егер уақтылы ем қабылдамаса, ол асқынып, абсцесс пайда болуы ықтимал. Сондықтан жәндік шаққаннан кейін қатты қышу, ауырсыну сезіліп, түйін пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек",  деп хабарлады ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу