Blackstone: әлемдік тәртіп шапшаң өзгеруде

1628

Blackstone: әлемдік тәртіп шапшаң өзгеруде

Батыстың ірі қаржы компаниялары басшыларының бағалаулары бойынша, бүгінгі таңда қарым-қатынас құруда түбегейлі өзгерістер болып жатыр:  жаһандануға деген бұрынғы басымдықтардың орнын  күшті көшбасшылар арасындағы жеке қарым-қатынастар алмастырып отыр. Бұл туралы "Блумберг" телеарнасына сұхбат берген  АҚШ-тағы ірі жеке инвестициялық топтардың бірі саналатын Blackstone-нің басқарушы директоры Джон Стадзински мәлім етті, деп жазады "Vestifinance.ru".

"Әлемдік тәртіптің шапшаң өзгеретінін көріп отырмыз. Меніңше, қазіргі болып жатқан жәйттерден ірі экономикалық блоктардан гөрі күшті көшбасшылар мен күшті тұлғаларға ойысып бара жатқанымызды ұғынғанымыз жөн. Бұл жағдайда көп мәселе мемлекет басшыларының жеке келіссөздеріне байланысты болмақ. Көшбасшылардың жеке қарым-қатынастары қайтадан аса маңызды нәрсеге айнала бастады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу