Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

562

ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады. 

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды Фото: polisia.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қ.-ны ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды — іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу