Блок бекеттегі апат: бұрынғы полицей 10 жылға сотталды

780

Сот Азамат Азаматовқа қаза болған полицейлердің туған-туыстарына өтемақы төлеуді міндеттеді. 

Блок бекеттегі апат: бұрынғы полицей 10 жылға сотталды

Алматы облысы Қарасай ауданының соты полицейдің қазасына себеп болған блок бекеттегі жол апатына қатысты үкім шығарды. Прокурор бұрынғы тәртіп сақшысы Азат Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

"Тергеу сотталушының кінәсін дәлелдеді. 1994 жылы туған Қазақстан азаматы Азат Азаматовты қауіпсіздігі орташа колонияға 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады", — деді судья.

Бұған қоса сот Қылмыстық кодексің 345-бабымен істі болған Азамат Азаматовқа қаза болған полицейлердің туған-туыстарына өтемақы төлеуді міндеттеді: Жалғас Жанғазиевтің отбасына – 15,8 млн теңге, Дастан Абдыкановтың жарына – 36,6 млн теңге. Ал мемлекетке материалдық шығын келтіргені үшін 5,4 млн теңге төлеуге тиіс.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 25 мамырында БМВ маркалы көлікті басқарған экс-полицей блок бекетті қағып өтіп, кейін полиция көлігіне соғылған. Оқиға салдарынан екі тәртіп сақшысы қайтыс болып, тағы бірі ауыр жарақат алды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу