Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Бұл сауалға жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалалар арасына ешқандай блок бекеттер қойылмайтынын мәлімдеді.
"Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блок бекеттер орнатылмайды", – деді ол.
Бұл ретте Премьер-министрдің орынбасары тек қалааралық жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын атап өтті.
Құралай Құдайберген 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу