Шұғыл қону себебі – бір жолаушының өзін жайсыз сезініп, кейін қайтыс болуы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы "Әлия Молдағұлова Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев айтып берді. Оның сөзінше, жолаушылар борттан шығарылмаған.
– Бүгін шамамен сағат 12:35-те Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды. Себебі, әуе кемесіндегі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлаған. Жолаушы көз жұмды. Оның себебін дәрігерлер айта жатар. Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы әлі де Ақтөбе әуежайында тұр. "Жолаушының денесін алып кете ме, қалдыра ма?" деген сұрақты шешіп, кейін ұшады. Қазір нақты қай уақытта сапарды жалғастыратыны белгісіз. Оны экипаж мүшелері шешеді. Ұшақтан жолаушылар шығарылған жоқ, бәрі ішінде отыр, – деді Дастан Малиев.