Boeing компаниясы Қазақстанның Азаматтық авиация саласы өкілдері үшін семинар өткізуде

458

Іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті ашу бойынша жұмыс шеңберінде ұйымдастырылуда. 

Boeing компаниясы Қазақстанның Азаматтық авиация саласы өкілдері үшін семинар өткізуде Фото: Егемен Қазақстан

14-19 қараша аралығында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті ашу бойынша жұмыс шеңберінде Астанада "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында Boeing компаниясы Қазақстанның Азаматтық авиация саласының өкілдері үшін Airline Planning Workshop (APW) авиакомпанияларын жоспарлау бойынша арнайы семинар өткізуде, - деп жазады inbusiness.kz, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Оқыту барысында стратегия мен бәсекелестік, әуе кемелері паркін жоспарлау және кірістер менеджменті, әуе кемелерінің экономикасы және т. б. тақырыптық модульдер қамтылады. Семинарға Азаматтық авиация комитетінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ, "Эйр Астана" ("Fly Arystan"), "Qazaq Air", "SCAT" авиакомпанияларының, Астана, Алматы, Ақтау әуежайларының өкілдері, бас-аяғы 50 тыңдаушы қатысуда.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "Boeing" компаниясының Ресей мен ТМД-дағы сату және маркетинг жөніндегі Вице-президенті Монти Фрейзерлммен және компанияның Еуразиядағы Стратегия және нарықты дамыту жөніндегі директоры Марио Антонио Эбчиммен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен 2022 жылғы сәуір айында Сиэтл қаласына (АҚШ) ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның сапарының қорытындысы бойынша орнаған ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.

Сонымен қатар "Эйр Астана" әуекомпаниясы Boeing-787-9 "Dreamliner" үш ұшағын сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойылғаны белгілі болды. Лайнерлер тасымалдаушының флотына 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында түседі деп жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Boeing компаниясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және жаңа перспективалы жобаларды іздеу жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бастап Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA (IASA) ұшу қауіпсіздігін алдағы халықаралық бағалауға дайындық шеңберінде техникалық әлеуетті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу