Бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті қолға түсті

525

Айғақ заттар тәркіленді. 

Бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті қолға түсті

Қарағандылық жәбірленуші 22 жастағы қыз полиция қызметкерлеріне түнгілік уақытта пәтердің есігін біреулердің қаққанын, таныс біреу келді деген ниетпен есікті ашқанда белгісіз екі адам кіріп қорқыту арқылы оны тонап кеткенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөйлер жәбірленушінің жалғыз болғанын пайдаланып, ашық түрде екі ұялы телефон, алтын сақина және 100 мың теңге ақша алып кеткен. Келтірілген шығын 300 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы екі азамат ұсталды. Ұсталғандар жәбірленушіге қатысты тонау жасағандары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың басқада қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу