Боксшы Талғат Сырымбетов Бакудегі турнирде қарсыласын жеңіп, финалға шықты

198

Бұған дейін финалға боксшыларымыз Сағындық Тоғамбай, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдешов жолдама алған еді.   

Боксшы Талғат Сырымбетов Бакудегі турнирде қарсыласын жеңіп, финалға шықты Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан халықаралық "Ұлы Жібек жолы" турнирінде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

60 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз өзбекстандық Бахтиер Асадовпен кездесті. Бірінші раундтан белсенді болған боксшымыз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Отандасымыздың ендігі қарсыласы - әзербайжандық Азрак Бобиров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу