Боксшыларымыз "Gree Bee" турнирінен 6 жүлде алды

560

Финляндияда бокстан "Gree Bee" халықаралвқ турнирі аяқталды.  

Боксшыларымыз "Gree Bee" турнирінен 6 жүлде алды

Қазақстандық боксшылар аталған жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел құрамасына алтын жүлдені 91 келіде жұдырықтасқан Тоғамбай Сағындық әкелді. Қайрат Ералиев (57 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары) күміске қол жеткізді. Ал Ділмұрат Мижитов (63 келі) пен Бек Нұрмағанбет (81 келі) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Аталған додада Қазақстанмен қатар, Финляндия, Өзбекстан, Швеуия, Франция, Ресей, Украина, Армения, Германия, Моңғолия, Ауғаныстан, Уэльс, Нидерланды, Сербия, Эстония және Литвия боксшылары қолғап түйістірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу