Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қытайдағы халықаралық сынға жеті боксшы аттанады. Олар:
49 келіде – Шалқар Айқынбай
56 келіде – Нұрбол Қалжанов
60 келіде – Саматәлі Толтаев
69 келіде – Талғат Шайкен
81 келіде – Нұрбек Оралбай
91 келіде – Айбек Оралбай
+91 келіде – Дамир Тойбай
"Бұл турнирде жастардың әлеуетін байқап көрмекпіз. Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылармен қатар, ел Спартакиадасында көзге түскін жас таланттарға мүмкіндік беріп отырмыз. Ал ересектер Азия чемпионатынан кейін аздаған үзіліс алды", – дейді бас бапкер.
Шанхайдағы халықаралық турнир 2-9 маусым аралығында өтеді.