Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп жазады Olympic.kz.
Турнир қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының командасы көш бастады. Олар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған.
Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс және 3 қола иеленген Алматы қаласы, үшінші сатыны 2 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеген Шығыс Қазақстан облысы иеленді.
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу